Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы хабарлады.

Қазақстандық боксшы жақында ғана құрылған MJA Entertainment’s промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды. Келісімнің анық-қанығы кейінірек белгілі болады.

 

Бұған дейін Елеусіновтің, сондай-ақ Олимпиада жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екендігі хабарланған.

Қос спортшы да қазіргі уақытта өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынына қатыспады.

Пікір қосу