Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшыларының ұсталғаны түсірілген видеоны жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық бюроның мәліметінше, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Айта кетсек, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басқармасының басшысы орынбасары қызметіне Аслан Жақыпов 2016 жылдың наурыз айында келген болатын. Ол — ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Қабиболла Жақыповтың ұлы.

Пікір қосу