Қазақстандық кәіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің кезекті қарсыласы белгілі болды. Боксшы өзінің жетінші кездесуінде америкалық Маркус Бекфордпен жұдырықтасады — деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетсек, Мадияр шаршы алаңда алты кездесу өткізіп, (3 нокаут) барлығында жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Бекфорд осыған дейін 9 кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңіліп, үшеуінде тең түскен.

Жекпе-жек 27 қарашада АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Нью-Лондон окургіне қарасты Монсвилл қаласында өтеді.

Пікір қосу