Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыстың қостанайлық Рамзан Байдәулетов әділқазылар алқасын таңдандырды.Рамзанның анасы Айгүл Аюпованың айтуынша, оның баласы өзінің дәрежесінде бірінші болды. 8 минуттің ішінде ол 175 мысалды шешті, деп жазады Алау.

«Онда екіқатарлы және бірнеше қатар мысалдар болған. Балам шешті. Ол цифрларды әп-сәтте орын-орынымен орналастырады. Өткен жылы біз менталды арифметика академиясына барғанбыз. Бүгін міне, нәтижесін көріп отырмыз»,-дейді жеңімпаздың анасы.

Дарынды жастың анасы баласының өте керемет есте сақтау қабілеті барын айтады. Осы жарыстан соң 6 жасар чемпионға Индонезияда өтетін жарыстарға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Ол Бали аралына 2017 жылдың желтоқсан айында барады. Қазір Рамзан мектепке дейінгі дайындық сабағына барады. Ол Қостанайдағы жедел оқу мектебін сәтті аяқтады. Сонымен қатар, шахматпен де белсенді айналысады.

Дәл қазір Рамзанның 3 дәрежесі бар.Рамзанның ең үлкен армандарының бірі — Елбасының шыршасына қатысу.

Пікір қосу