«Әзіл әлемі» театрының актері Аманғали Сыпабековтің алғашқы бейнебаяны жарық көрді. Елге «Мама» әнімен танылған ол бейнебаянында «Қыздар-ай» әнін жаңа нұсқада орындап шықты.

Айта кетсек, «Әттең-ай, әттең, жүрегім жалғыз, бәріңе бірдей бөліп берер ем», – деген жыр шумақтарының әрі әнінің авторы, алғашқы орындаушысы ақын Үміт Битенова. Бұл ән 1993 жылы республикалық «Үкілі үміт» байқауында тұңғыш рет орындалған болатын.

Бейнебаян жаз айында түсірілген. Туындыны көріп отырғанда нағыз қазақтың ауылына саяхат жасайсыз. Әншінің айтуынша, жеке өмірінде жуырда жақсы жаңалық орын алмақ. Бейнебаянда бір топ қыздардың арасында жалғыз өзі ән салып жүрген Аманғали Сыпабеков жақында бойдақтық өмірімен қоштаспақ.

Пікір қосу