Ғасырлар бойы ғалымдар махаббат сезімін зерттеп келеді. Адам бойындағы осы бір жұмбақ күй туралы қаншама дүниелер жазылып жатыр. Ендеше махаббат жайлы сіз білмейтін қызықты деректер мен ғылыми теорияларға кезек берсек.

  • Біз біреуді сүйіп қалған сәтте «айналамызда көбелек ұшып-қонып», қанаттанғаннан ұшып кете жаздаймыз. Одан қалса, бақыттан бас айналып, би билегіміз келеді. Шындығында, барлығы адам денесінде туындаған адреналиннен болады екен.
  • Егер біз біреуге жақсы әсер қалдырғымыз келсе, еншімізде 4 минут уақыт бар екен.
  • Қарсы алдыңызда тұрған адамға көбіне дене қимылыңыз, даусыңыздың мәнері мен сөз бастауыңыз (айтылған ойдан гөрі) жағымды әсер түзбек.
  • Зерттеулер көрсетіп отырғандай, сүйіп қосылған жандардың жүрек соғысы көздің түйіскен сәтінен үш минут өтер-өтпесте теңесетін көрінеді.
  • Ғалымдар адам сүйіп қалған сәтте ағзасы мидың 12 бөлігін жандандыратын химиялық зат бөлетінін дәлелдеді.
  • Ғашық болудың миға әсері орасан.

Ғашықтар құшақтасқан сәтте бір-біріне қатты бауыр басып қалғандарын және бас ауруларының тарқап кететіндігін сезеді.

  • Жақын адамыңыздың жаныңызда болуы өзіңізді жақсы сезінуіңізге жол ашады. Кейде сағынышты басу үшін сүйген адамыңыздың суретіне қарасаңыз да жеткілікті. Сынақ барысында айқындалғандай, жақын адамының суретін көрген жанның еңбекке қабілеттілігі артады.
  • Ер мен әйел, әдетте, өздеріне ұқсас жанды табуға тырысады екен. Алда-жалда қосағының сұлулығы кемшін түсіп жатса, өзге қасиеттерімен санасу арқылы оны толықтыратын көрінеді.
  • Зерттеушілер бір-біріне өте ұқсас жандар мен мүлде ұқсас емес жұптардың, әдетте, айырылысып жататынын айтады.
  • Айырылысу мен қоштасу, жақыныңнан айырылу мен сүйгеніңнің сатып кетуі жүрек бөлігінде дерт туғызуы мүмкін. Мұны адамдар «жүректің жаралануы» деп айтады.
  • Уайымдау мен ауырсынулар мидың химиялық құрылымына әсер етіп, жүрек жұмысын қиындатпақ. Өз кезегінде, тыныс алу жолдарының асқынуына алып келуі мүмкін.
  • Дерттің мұндай түріне көбіне әйелдер шалдығып тұратын көрінеді, ал дәрігерлер оны жүрек ұстамасымен шатастырады екен.
  • Махаббат жыл өткен сайын кеми түспек. Зерттеушілер романтикалық махаббаттың бір жылдан ұзаққа созылмайтынын айтады. Жыл өткенде қарым-қатынаста «толып болған махаббат» аралығы басталмақ.
  • Психологтар ғашықтық жайлы кез келген ойдың шығармашылық ойлауға әсер ететінін дәлелдеп шыққан.
  • Психолог Роберт Стернберг махаббаттың үшқұрамды теория­сын алға тарта отырып, оның бірнеше формуласын ұсынады: романтикалық махаббат = құштарлық + ынтықтық, ба­уырмал махаббат = ынтықтық + адалдық, жасанды махаббат = құштарлық + адалдық.
  • Қарым-қатынасты ұзаққа орнатқысы келетіндер ең бірінші кезекте бет-пішіннің өңділігіне қарамақ.
  • Жақсы қарым-қатынас орнаған жандар бір-бірінің физикалық ауыр­сынуларын жай ғана қол ұстасу арқылы жоятын болып шықты.

(ғаламтор желісі бойынша дайындалды)

Пікір қосу