Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді. Бұған тарих қойнауындағы махаббат хикаялары дәлел. Ендеше бүгінгі мақаламызды қазақ әдебиеті ақтаңдақтарының мөлдір махаббатына арнасақ.

 Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

xjvtbd5yjvo
Ахмет Байтұрсынұлы мен Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік серігі — Александра Ивановна. Орыс ұлтының қызы  Ахмет Байтұрсынұлымен  1896 жылы Троицк қаласындағы мешітте некелесіп, ислам дінін қабылдаған соң Бадрисафа Мұхамедсадыққызы есімін иеленіпті. Бадрисафа (араб тілінде кiршiксiз, таза) деген  мағына береді.

Адал жардың кінәсіз айдалып кеткенін көтере алмаған Бадрисафа өмірінің соңында есінен айрылып, Қостанай ауруханасында өмірден өтіпті

Ахмет Байтұрсынұлының Бадрисафа Мұхамедсадыққызығашқы таныстығы Ұлы Октябрь революциясы алдында патша цензурасының назарына iлiгіп, сезiктi адам ретiнде түрмеге қамалуынан бастау алған. Сол кезде Александра есiмдi орыстың қызы қамаудағы Ахмет Байтұрсынұлына әртүрлi амал-айламен тамақ жеткiзiп, жанашырлық көрсетедi. Осылайша таныстықтан кейiн ғашықтар бiр-бiрiн ұғынысып, ұнатып, шаңырақ көтерген.

Өкініштісі, бір-біріне деген сүйіспеншілігі ерекше жұптың баласы болмаған.  Торғайдан Меккеге жаяу барып қажылығын өтеген туған інісі Мәшеннің Шолпан атты қызын бауырына басады. Кейін Ахмет Байтұрсынов айдалып кеткеннен соң,  Бадрисафаны Ахмет Байтұрсыновтың ағасы Қалидың Кәтез атты қызы Қостанайға өзімен бірге ала кеткен. Жұбайының атылып кеткеніне қарамастан, қайын жұрты Бадрисафаны қатты қадірлеген деседі. Бірақ қолдан келер қайран бар ма, адал жардың кінәсіз айдалып кеткенін көтере алмаған Бадрисафа өмірінің соңында есінен айрылып, Қостанай ауруханасында өмірден өтіпті.

Сәкен Сейфуллин мен Гүлбаһрам Батырбекқызы Сейфуллина

1cb4ec82c9a3bb70227a1d064f2ceb97
Сәкен Сейфуллин мен Гүлбаһрам Батырбекқызы

Сәкен Сейфуллин өмірлік серігімен танысқанда, Гүлбаһрам Совпарт мектебінде оқитын он жеті жастағы өрімдей жас қыз болған. Гүлбаһрамның қара көздері, бұраң белі және қос бұрымы, көз алдынан кетпеген дәл осы бейнесі «Совпарттағы қарындасыма» атты танымал өлеңінің алғашқы жолдарын жазуға итермелеген еді…

Сәкен тұтқындалғанда, Гүлбаһрам 28 жаста болған.  Көптен күткен тұңғыш қыздары – Лаура 1929 жылы дүниеге келіп, бірақ ауруға шалдығып, 1932 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болған. Ұлы Аян 1936 жылы қараша айында дүниеге келген. Сәкеннің баласына Аян есімін Мұхтар Әуезов берген.

Төркініне жалғыз ұлы Аянмен  бара жатқанда, жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Қара жамылып, қайғыға батқан әйел өз ұлының жерлеу орнын есінде сақтап қалуға да шамасы келмеген.

1937 жылдың қыркүйегінде Сәкен Сейфуллин «халық жауы» атанып, тұтқынға алынады. Сол кезде Гүлбаһрамнан барлығы бас тартып, ол өз туған-туыстарына кетуге мәжбүр болады. Төркініне жалғыз ұлы Аянмен  бара жатқанда, жолдың қиындықтарына төзе алмаған кішкентай бала қайтыс болады. Қара жамылып, қайғыға батқан әйел өз ұлының жерлеу орнын есінде сақтап қалуға да шамасы келмеген. Гүлбаһрам дүниеден өткен соң, 10 жылдан кейін ғана Аянның қабірі табылған.

Гүлбаһрам көзі тірісінде іс-түссіз жоғалып кеткен Сәкеннің тағдырын білу үшін ІІХК-на бірнеше рет барған. Гүлбаһрам Сәкен Сейфуллинді соңғы рет 1938 жылы 8 ақпанда көрген.  Жары мен ұлын келмеске әкеткен заман оның жүрегіне жазылмас жара қалдырды…

 

Пікір қосу