Juldyz.kz (Жұлдыздар Отбасы) сайты 2016 жылы жарық көрді. Сайтта оқырманның жүрегінен орын тауып, сүйіспеншілігіне айналып үлгерген «Жұлдыздар Отбасы» журналына шыққан материалдармен қатар, экслюзивті ақпараттар жарияланып отырады. Мәдениет, шоу-бизнес, спорт жаңалықтарымен бірге елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірден де сыр шертпек. Сондай-ақ, әртүрлі саланың өкілдерімен болған сұхбаттар сериясын, бейнекөрініс, сурет және дыбыстық слайдтар жасауды қолға алып, мультимедиалық бағытты да ұсынбақ. Басты мақсат — оқырманға өзекті, қызықты, нақты мәлімет беру, бейтараптылықты ұстану.
«Жұлдыздар отбасы» журналы – танымал тұлғалардың тағдырынан, өнерінен, өмірінен сыр шертетін нөмері бірінші ғұмырбаяндық басылым. Осы арқылы қазақ жастарын танымал тұлғалардан үлгі-өнеге алып, жеке дара тұлға болып өсуге баулитын республикалық жастар журналы. Журнал айына екі рет 47 805 дана таралыммен Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. Журнал 2007 жылдан бері жарық көріп келеді.
«Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналы – еліміз бен түркі дүниесінің, қала берді, бүкіл адамзат әлемінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлғалардың аласапыран тағдыры, заманалар көшінде алатын орны, өмірбаяны мен қызметі туралы жан-жақты жазатын Ұлы адамдар туралы ұлағатты журнал. Журнал 15 505 дана таралыммен Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. Журналдың бір саны тек бір тұлғаға ғана арналады. Журнал 2010 жылдан бері жарық көріп келеді.
Сайт редакторы: Айнұры Есенғали
|
||
Тілшілер:
|
Наргиза Аршидин
|
Гүлім Рысқұл
|