Уа,Жаратқан , күнәм болса кеше гөр,
Қол ұшын соз , әділдікке есе бер.
Көп ұйықтадың , калдың десең кеш егер ,
Жалған дүние басымыздан көше бер .
Күйеленіп дос , дұшпанның сөзінен ,
Көп қорланған арсызы мен езінен .
Есе күткен тағдырының тезінен ,
Жәй қазақпын бәрін көрген көзімен .
Азған заман аузымды аштырмай ,
Тозған қоғам қадамымды бастырмай .
Көк бөріше маңайына қас қылмай ,
Ұрпақ үшін отқа түскен қасқырдай .
Тыңдап өскен батырлықтың дастанын ,
Қырнап ішкен піскен сүттің қаспағын .
Соны еске алам үйірілсе басқа мұң ,
Бұлт торласа көңілімнің аспанын .
Төбемізден төнбесе де қара аспан .
Қаптап кетті шиебөрі таласқан .
Құдірет бар жыртық үйге қарасқан ,
Деп тілейік бақ таймасын Алаштан .
Билеушісін , илеушісін қолы қан ,
Аз ғана топ шаң жуытпай қорыған .
Ажал , шіркін , алмай тынбас торыған ,
Құтылмас — ау өзі құрған торынан .
Шыға алмай өзі қазған орынан ,
Тірлігі осы келіп тұрған қолынан .
Адастырма жәй қазақты жолынан ,
Сақта , құдай , пенделіктің сорынан !
Болат Шілікбаев
07 07 2019 ж.
Айбол Сапарбектің фэйсбук парақшасынан алынды.