— Жаңаөзендегі мұнайшылар 7 ай бойы алаңға шығып, жалақыны көтеруді, еңбек жағдайларын жақсартуды талап еткенде, осы «нұр» депутаттарының ешқайсысы оларды қолдамады, олардың проблемасын парламенттік деңгейге көтермеді. Тәуелсіздік күнінде алаңға шыққан мұнайшыларды атқан кезде «Нұр Отанның» бірде-бір депутатты бұл мәселені қарастырмады. Көпбалалы аналар әлеуметтік жағдайдың нашарлығын айтып, жәрдемақы талап етіп, наразылық білдіргенде бірде-бір «нұр» депутаттар олармен бірге наразылық көрсетпеді. Астанада бес бүлдіршін өртеніп кеткенде қай депутат сол балалардың ата-анасының жанында болды? Қай депутат моральды тұрғыдан жәрдемдесті? Қай депутат көпбалалы отбасылардың әлеуметтік әл-ауқат мәселесін көтерді?
Митингке шыққан халықты полиция ұстап, қудалап жатқанда ешқай депутат наразылығын білдірмеді. Демократия мен саяси өзгерісті, экономикалық транформацияны талап еткен халыққа ешқайсысы құрмет көрсетпеді. Бірде-біреуі қазақстандықтардың конституциялық және азаматтық құқығын қорғамады.
Бірақ олар билік органдарының абсурдтық ұсыныстарына бірауыздан дауыс берді: Астана атын өзгерту, Қазақстанды монархиялық мемлекетке айналдырған заңдарды қабылдау. Кеше бұл «нұр» депутаттар еліміздің азаматтарын айыптап, митингке шығыпты. Бұл «нұр» депутаттар көпбалалы аналардың алаңға шығуын, әлеуметтік жағдайға байланысты әділеттілік талап етудің қоюын сұрады.
Бекболат Тілеуханов, Ертаев, Асанғазыларға қарап бір сөз айтқың келеді: Сендер ұлтты масқаралаушыларсыңдар! Еліміздің миллиондаған азаматтары отбасын асырау үшін әрең тиын-тебенін жеткізіп жатқанда, сендер әрқайсысың миллион теңгеден аласыңдар. Сендер ешқашан халықты қолдамадыңдар, қасынан табылмадыңдар, әділдік үшін дауыс бермедіңдер. Сендер тек қана жағымпазданумен болдыңдар. Сендер әлемдегі ең масқара парламенттің мүшесісіңдер. Егер де сендерде ар-ұят, намыс болса, онда енді ешқашан бұлай халық алдына сөйлеп шықпайсыңдар. Ал егер халық алдына қатты шыққыларың келсе, халық шыққан кез келген митингке қатысыңдар. Со кезде сендердің бос сөздеріңе халық қалай тыңдайды екен, көрейік! Сол кезде сендердің өздеріңнің нағыз құндарыңды білесіңдер. Адамзат тарихында кезінде диктаторлар сүйікті жылқылары мен жануарларын Сенатқа тағайындаған екен. Егер біздің депутаттардың орнына сол жануарларды алып келсе, ештеңе өзгермейтін секілді. Ең құрымағанда, жылқылар Қазақстан бюджетіне арзанға түсер еді.
Жанболат Мамайдың йэсбук парақшасынан алынып, аударылды.