Атақты физик Стивен Хокингті әлем жұртшылығы алдағы мыңжылдықты болжаған және адамзат қандай жағдайда аман қалатынын айтқан ғалым ретінде таниды. Десе де, әлемді мойындатқан ғалымның сал ауруына шалдығып, арбаға таңылған ауыр тағдыры жайлы біреу білсе, біреу білмейді. Хокинг қандай отбасында өмірге келді? Оның балалық шағы қалай өтті? Ауруға берілмей, өмірмен қалай күресті? «Жұлдыздар отбасы» журналының осы санында Стивен Хокингтің өмір жолы мен ашқан ғылыми жаңалықтары туралы сөз етеміз.
Бала Стивен
Стивен Уильям Хокинг 1942 жылы 8 қаңтарда Ұлыбританияның Оксфорд қаласында дүниеге келген. Болашақ ғалымның әкесі Фрэнк пен анасы Изабель – Оксфорд университетінің түлектері. (Фрэнк – медицина саласының, ал Изабель – философия, саясаттану және экономика саласының маманы). Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Фрэнк ағылшын солдаттарының қатарында отан қорғағысы келді. Бірақ ғылыми жұмысымен айналысса, елге көбірек үлес қосамын деп ойлады. Сөйтіп, ол медициналық зерттеу институтында ғылыми жұмыспен шұғылданды, ал Изабель сол институтта хатшы болды. Фрэнк пен Изабель осы институтта танысты. Көп өтпей отбасын құрып, Лондонның іргесіндегі шағын қалашықта тұрды. Ол кезде Лондон немістердің әуе шабуылына жиі ұшырайтын. Сол себепті қала аспанын қашанда ыс-түтек бүркеп тұратын. Сондықтан Фрэнк пен Изабель бала өмірге келерден бұрын Оксфордқа көшті. Стивеннің отбасында өзінен бөлек Филиппа, Мэри атты қарындастары және Эдвард атты асыранды інісі болды.Стивен Уильям Хокинг 1942 жылы 8 қаңтарда Ұлыбританияның Оксфорд қаласында дүниеге келген. Болашақ ғалымның әкесі Фрэнк пен анасы Изабель – Оксфорд университетінің түлектері. (Фрэнк – медицина саласының, ал Изабель – философия, саясаттану және экономика саласының маманы). Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Фрэнк ағылшын солдаттарының қатарында отан қорғағысы келді. Бірақ ғылыми жұмысымен айналысса, елге көбірек үлес қосамын деп ойлады. Сөйтіп, ол медициналық зерттеу институтында ғылыми жұмыспен шұғылданды, ал Изабель сол институтта хатшы болды. Фрэнк пен Изабель осы институтта танысты. Көп өтпей отбасын құрып, Лондонның іргесіндегі шағын қалашықта тұрды. Ол кезде Лондон немістердің әуе шабуылына жиі ұшырайтын. Сол себепті қала аспанын қашанда ыс-түтек бүркеп тұратын. Сондықтан Фрэнк пен Изабель бала өмірге келерден бұрын Оксфордқа көшті. Стивеннің отбасында өзінен бөлек Филиппа, Мэри атты қарындастары және Эдвард атты асыранды інісі болды.Ата-анасының ғылыми зерттеумен айналысуы қаршадай Хокингтің жаратылыс әлемін танып-білуге деген құштарлығын оятты.
Ол бала жасынан ғылымға зер салып өсті. Хокинг 1962 жылы Оксфорд университетін тәмамдады. 1965 жылы Джейн Уайлдқа үйленеді, олардың екі ұлы және бір қызы бар. Жас ғалым 1966 жылы Кембридж қаласында университет жанындағы Тринити-холл колледжінде философия докторы дәрежесін алады. 1965 жылдан бастап Кембридж университетінде жұмыс істеді. 1974 жылы Лондондық Корольдық Ұйымының қатарына қосылды. Сол жылы Кэмбриджде профессор атағына ие болды. Бұл қызметін 2009 жылға дейін жалғастырды. Балалық және жастық шағында Хокингтің он екі мүшесі сау болғанымен, 1960-жылдардың басында бүйір амиотрофиялық склероз дертіне шалдығады. Ата-анасы оның денсаулығына қатты алаңдап, көптеген білікті дәрігерлерге емдетеді. Алайда оның сырқаты асқына түседі. Ақыр соңында дәрігерлер Хокингтің бар болғаны екі-ақ жыл өмір сүретіндігін ескертеді. Бірақ Хокинг содан кейін де жарты ғасыр өмір сүрді.Хокинг 1985 жылы тамағына ота жасатқаннан кейін сөйлеу қабілетінен айырылып қалады. Содан соң ол достары сыйлаған сөйлеу синтезаторының көмегімен ғана сөйлейтін болды. Ауруға шалдыққан алғашқы кезде оң қолының сұқ саусағын қозғалта алатын, бірақ уақыт өте келе бетінің бұлшық еті ғана қимылдайтын болып қалды. Осы бұлшық етке орнатылған құрылғыны арнайы компьютер арқылы басқарып, айналасындағы адамдармен тілдесті.Денесінің салдануы ғалымның өмір сүруіне кедергі бола алмады. Ол барлық ынта-жігерін ғылымға арнады. Оған ғалым атағын алып берген сала – космология мен кванттық гравитация. Қара құрдымда (черная дыра) болып жатқан термодинамикалық үдерісті, қара құрдым ішіндегі ақпараттың жоғалып кету үдерісін зерттеу жұмыстары оны осы салада жетістікке жеткізді. Хокинг әріптестерімен бәстесуді, өзінің болжамы дұрыс екенін дәлелдеуді жақсы көретін. 1974 жылы С. Хокинг Кип Торн есімді ғалыммен бәстеседі. Даудың басы Аққу Х-1 ғарыштық нысанның табиғаты және оның сәулеленуінен туындады. Хокинг ол нысанның қара құрдым емес екенін дәлелдегісі келеді, бірақ болжамы дұрыс болмай, әріптесінен жеңіліп қалды.Өмірін космостың құпияларын зерттеуге арнады.
Өмірін космостың құпияларын зерттеуге арнады
Хокингтің 1988 жылы шыққан «Уақыттың қысқа тарихы» деген кітабы әлемдік сұранысқа ие болды. Небәрі 20 жылда оның 10 миллион данасы сатылды. Ол кітапта өте маңызды ғылыми тақырыптар (Ғаламның жаратылысы, кеңістік пен уақыт табиғаты, қара құрдымдар, математикалық парадокастар және Суперструң теориясы (Бау теориясы) көтерілгенімен, кітап жеңіл әрі қызықты тілмен жазылған. Ең бастысы – кітап беттерінен тек бір ғана формуланы, мектеп қабырғасынан бері білетін E=mc² формуласын ғана кездестіруге болады.Ғылым саласында Хокингті тек астрофизика ғана емес, ғаламның барлық үрдістері мен нысандары қызықтырды. Мысалы, ол бөгде ғаламшарлықтардың басып кіруінің мүмкін болатын сценарийі туралы гипотезаны алға тартып: «Егер бір кездері басқа өркениеттің өкілдері Жер бетіне келетін болса, бұл Колумбтың Американы ашқаны сияқты болады. Естеріңізде шығар, байырғы тұрғындар үшін мұның ақыры жақсылыққа апармаған. Тек, енді бөгде ғаламшарлықтар ұшып келген жағдайда, бейбіт ниетпен келеді деп үмітену ғана қалды», – деді.
Хокинг медицина саласындағы инновациялық зерттеулерге қатты қызықты. Ол бір сөзінде: «Мен бүкіл өмірімді космостың ақыл жетпейтін құпияларын зерттеуге арнадым. Алайда, мені таңғалдыруын қоймайтын тағы бір параллель Ғалам бар, ол – өз жасушамыздың бүтін бір галактикасы. Бүгінде біз медицинаның жаңа дәуірінің табалдырығында тұрмыз. Бұл – барлық сырқаттарды емдей алатын дәуір. Осының бәрі өз денеміздегі микроскопиялық бөлшектер – бағаналы жасушалардың арқасы», – деді.1998 жылы Хокинг Ақ үйде лекция оқып, алдағы 1000 жыл ішінде адамзат тарихында қандай өзгерістер болатыны туралы болжам жасады. Ол бұл жолғы лекциясын: «Болашақ үшін алаңдамай-ақ қоюға болады», – деген оймен түйіндеді. Алайда 2003 жылы оқыған лекциясында Хокинг бұл тұжырымына қарсы шығып: «Жер бетінде біздің өмір сүруімізге қауіп төндіретін вирустар көбейеді, соған байланысты тіршілік етуге болатын басқа ғаламшарларға көшу керек», – деді. Оның ойынша Жер бетіндегі тіршілік ядролық соғыс, жасанды сана немесе генетикалық құрылымды вирус кесірінен жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан адамдар бұл зауалдан сақтану үшін тіршілік етуге болатын басқа ғаламшарға көшу қажет, оны іске асыру үшін озық технологиялар жасау керек.Хокинг ғылымды белсенді түрде дәріптеуші адам ретінде де танылды. Оның «Уақыттың қысқаша тарихы» (1988), «Қара құрдымдар және жас ғаламдар» (1993), «Жаңғақ қауызындағы әлемдер» (2001) кітаптары жарық көрді. Қызы Люси екеуі балаларға арналған «Джордж және Ғалам құпиялары» (2006 жыл) атты ғылыми-танымдық кітап шығарды.Әдетте көп адамдар ғылым өте күрделі дүние, оның тереңіне бойлап, құпиясына көз жеткізу қиын деп ойлайды. С.Хокинг осы қасаң түсінікті жұмсартып, ғылымның ешқандай құпиясы жоқ екенін, оны кез келген ынтасы бар адам ұғына алатын, түсінуге жеңіл, қызықты шындық екенін дәлелдеді. Сол үшін оны әлемдегі миллиондаған адамдар жақсы көреді. Хокинг талай рет әйгілі мультфильмдердің кейіпкеріне айналды, ғылыми-фантастикалық телехикаяларға түсті, ал «Pink Floyd» тобы оның синтезделген даусын «Keep Talking» композициясына қосты.Хокинг ғылымға қосқан үлесі үшін Эйнштейн медалі (1997), Британия империясының ордені (1982) сияқты марапаттар мен Іргелі физика сыйақысына (2013) ие болды. Хоккинг 2018 жылы 14 наурызда 76 жасында Кембридждегі үйінде көз жұмды. Бірақ өлімінің себебі әлі күнге жарияланған жоқ.
Дайындаған Ерзат Асыл
(Толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналының 2019 жыл, №12 санынан оқи аласыздар)