Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кірді, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы WBА тұжырымының жаңартылған рейтингінде ең үздік 10 боксшының қатарына кіріп, 8-орынға жайғасқан. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 8 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Бұл салмақта WBА тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы ұлыбританиялық Каллум Смитқа тиеслі.

Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегінде Лукас Ндафолумен (16-2, 6 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Пікір қосу