Үш жыл бұрын орташа пара 61 мың теңге болса, былтыр ол 193 мыңды құрапты. Бұл туралы Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық форумында мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген арнайы сауалнама қортындысы бойынша, Қазақстанның қай аймағында жемқорлық шарықтап тұрғаны анықталды. Көрсеткіш 4 мыңнан астам бизнес өкілдерінен алынған сауалнамаға сүйеніп жасалған.
«Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі ең жоғары өңірлер қатарында- Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары. Ал жемқорлық аз аймақ ретінде екінші жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан облысы тіркелді. Және Ақмола мен Қызылорда облыстары да бар.»
Ұлттық палата мемлекеттік органдар арасында жемқорлық жер қатынастары басқармаларында өршіп тұрғанын атап өтті.
-«Бір карта интерактивті карта әкімдіктер жасау керек. Кез келген адам кіріп жер іздеген кезде сол карта бойынша көріп жердің тұрған жері, көлемі, нысаналық мақсаты. Ала алады ма? Сол карта арқылы аукционға қатысып алу керек деген біз сондай өзімізге міндет қойып отырмыз.»,-деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Ербол Өзтеміров
Ербол Өзтеміров, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры: