Жақында ұсталған «Ата жұрт» еріктілер тобының жетекшісі Серікжан Біләштің адвокаты Айман Омарова Серікжан біләшқа «қысым көрсетілді» деп мәлімеді. Бұл туралы ол өзінің Фэйсбук парақшасында жазды.
Адвокаттың мәлімдеуінше, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция қызметкерлері Серікжанды Біләшті қорқытып, мәжбүрлі видео түсірткізген.
-«Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция қызметкерлері Серікжан Біләшті қорқытып, менен бас тартуға мәжбүрлеп отыр. Сонымен қатар, олар мәжбүрлі түрде «қытай лагеріндегі қазақтардың мәселесіне ендігі араласпаймын» деп видео үндеу жасатқызды. ҚР КНБ мен МВД қызметкерлері менің артымнан түсіп, маған жұмыс істеуге мүмкіндік бермеуде «, — деп жазды адвокат.
Азаттық тілшілері осы туралы пікір алмақ болып Астана қалалық полиция департаментіне хабарласқанымен, баспасөз қызметі ресми хат жіберуді сұрады.