Алматы облысы, Талдықорған қаласына кіретін жерде жол-көлік апаты туындап екі адам қаза тапты, деп хабарлайды juldyz.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. 

«Жол-көлік оқиғасы Талдықорғанға кіретін жерде болды. Екі адам — ер адам мен әйел қаза тапты. Жол апатынан 14 жасар қыз зардап шегіп, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде», — деп хабарлады полиция департаментінен.

 

Пікір қосу