2019 жылдың  наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Және қанша оқушы қатысатындығы анықталды.

«Республика бойынша наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 154 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді. Өтініш қабылдау осы жылдың 1-15 ақпан аралығында жүргізілген еді», — деп жазды.

Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметінен. Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға 80042 оқушы ниет білдірген. Оның ішінде 62678-і қазақ, 17086-ы орыс, 278-і ағылшын тілінде тапсырады.

«ҰБТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылы 24-29 наурыз аралығында өткізіледі. ҰБТ-ға осы жылы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері қатысады», — делінген хабарламада.

 

 

Пікір қосу