Сирияның Дэйр-эз-Зор қаласында тағы да жарылыс. Жергілікті аурухананың маңында миналанған көліктің күлі көкке ұшты. Салдарынан 15 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.кз хабарлады.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, құрбан болғандар «Сирияның демократиялық күштері» бақылауындағы Аль-Омар мұнай кен орнының қызметкерлері. Лаңкестік әрекетті әлі ешқандай ұйым өз мойнына алмады. Бұл арада АҚШ Сирияда 200-ден астам әскерін қалдыратындығын жеткізді. Бүгінде мемлекетте америкалық 2000 әскери бар. Президент Дональд Трамп өткен жылдың соңында әскерін толығымен Сириядан шығартындығын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы жеңілді. Сол себепті әскерилердің Сирияда қалуы негізсіз деген болатын.