Белгілі әнші Ақбота Керімбекованың ұлы шаңырақ көтеріп, әнші үйіне келін түсірді. Бұл қуанышымен әнші әлеуметтік желі арқылы халықпен бөлісті.

«Аллаға сансыз шүкіршілік болсын. Келінді болып, отбасымыз қуанышқа толып жатыр. Ұл қыздарымыз бақытты болсын Сіздерге де жұғысты болсын деп тілеймін. Ұлым Біржаным Бибіжар әжесінің баласы ғой. Сондықтан келін сол кісінікі негізі. Келінімізді Салтанат Бақаева сіңілімнің әнімен алып қайттық.», -деп жазды әнші.

Ақбота Керімбекова құдалық, қыз ұзату, беташар рәсімінен суреттер және видеоларымен бөлісті.

 

 

 

Пікір қосу