✅ 2. Бiз жол инспекторының нағыз қызметкер екеніне көз жеткізуге құқығымыз бар(құжаттарды оған тапсырмас бұрын). Сізді тоқтатқан кісінің полиция формасын киіп, қолына таяқ ұстаған алаяқ боп шықпасына кім кепіл? Сондықтан, ҚР “Полиция туралы“ заңын негізге алып, құжатын көрсетуін талап етеміз. Мүмкіндік болса, толық аты-жөнін, құжат нөмірін бір параққа жазып алуға тырысыңыз. Бұл қарама-қайшылықтарға кез болғанда, керек болады. Бұдан басқа, құжаттағы суреттің инспектормен сәйкес екендігін тексеру қажет. Олар біздің көлік жүргізу куәлігін тексергенде, біздің бетімізге үңіле қарайтыны жасырын емес қой? Біз де солай жасаймыз.
✅ 3. ЖПП қызметкерлерінің «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының 52-б. 2-тармағына сәйкес, автокөліктерді негізсіз тоқтатуына тыйым салынған. Еске сала кетейік, егер сіз жол ережесін бұзбасаңыз, жол инспекторының арттан қуып кеп тоқтатуы немесе көшеде тұрып тоқтауға белгі беруі заңсыз әрекет болып саналады.Тоқтату үшін тек мына жағдайлар негіз болуы мүмкін: жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, жүк тасымалдау ережелері, сондай-ақ, арнайы рейдтік шаралар жүргізу. Сондықтан, “құжат тексеру желеуі“ — бұл себеп емес, жол инспекторының жеке жан қалауы. Соңғы уақыттары, жол қызметкерлері арасында мына себептермен тоқтату жиі орын алуда:
а) Қауіпсіздік белдігін тақпағансыз. 100 пайыздық жол ережесінің бұзылуы. Барлығына үнемі тағып жүруге кеңес береміз. Бұл бірінші кезекте өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне байланысты. Жылы жаңа көліктерде, белдікті кеудеге ілмеген жағдайдағы , шиқылдауық дыбыстан құтыласыз. Әрі, жол полициясының сізді тоқтатуға себебі азая түседі.
б) Бітпейтін әртүрлі операциялар. Бұл көлікті тоқтату үшін, бірақ , шындыққа көбіне жанаса бермейтін керемет сылтау. Біздің әрекет: Сенім телефонына қоңырау шаламыз(әр қаланың өз сенім телефоны бар, негізінде, оны сіздің сұрауыңыз бойынша, инспектор беруі қажет) және хабарлаймыз осындай мекен-жайда жол сақшылары тұр, арнайы іс-шаралар өткізуде, әрекеттері қаншалықты заңды? Әдетте, жол инспекторының сұрақтары осы тұста дереу аяқталады.
в) Сіздің көлік айдау мәнеріңіз жол сақшысының күдігін туғызды. Оның ойынша, сіз арнайы құрылғыға үрлеуіңіз қажет екен. Жауап береміз: инспектор үйінде әйеліне үрлейді, ал, біз наркологиялық орталықта экспертизадан өтеміз. Және ол жаққа тек полиция көлігімен барамыз. Мынадай қиын дағдарыс заманында бензинге артық ақша құртпаңыз. Сондай-ақ, босқа зая кеткен уақытты прокуратураға арызда көрсететініңізді мәлімдеңіз. Көп жағдайда, сұрақтар осы тұста аяқталады.( егер, сіздің ішкеніңіз айқын көрініп тұрса, бұған қатысты емес)
✅ 4. Кей кездері, жол полиция қызметкерлерінің жүк багажын тексеруге шабыттары оянады. Еске түсіреміз, бұл талап емес, өтініш. Мұндай нәрсені талап етуге заңды құқықтары жоқ.Олар тек сырттай бақылай алады, толықтай емес. Тіпті, көліктің есігін ашуға құқылы емес. Кей уақыттары автомат ұстанған жасақтармен арнайы рейдтік шаралар жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда , жүк багажын ашу талабына келісуге тиіссіз. Бірақ, арнайы ақтару туралы әкімшілік хаттама толтырылып, 2 куәгердің қатысуын талап етіңіз.
Шын мәнінде, жол ережесін бұзып қолға түссеңіз
✅ 1. Қолма-қол ақша бермеуге тырысамыз. Еске салайық, жол сақшысына ақша беру арқылы, ҚР “жұмыс орындағы қызметкерге пара ұсыну“ заңын бұзасыз. Екіншіден, жоғарыдағы жазылған ережелердің бәрін тәрк еткен боласыз. Негізінде, ақша ұсынуға міндетті емеспіз, егер оның дәлелі жоқ болса, ешнәрсе істей алмайды. Құжаттарымыздың дұрыстығын әрдайым қадағалап жүреміз, жүйкемізді жұқартпаймыз, өзімізді сыпайы ұстаймыз.
✅ 2. Көліктен түспейміз, хаттама толтырылуын күтеміз. Қол қоюға өз көліктеріне шақырғанда, бас тартамыз. Құқығымызды сақтаймыз.
✅ 3. Хаттама толтырылып болғаннан соң, жақсылап тексереміз. Барлық бөлімдер дұрыс толтырылды ма? Барлығы орынды көрсетілді ме?
✅ 5. Жылдамдықты асырған жағдайда, радарда “бұл сенің жылдамдығың“ деп жазылып тұрған жоқ. Мұны видеотүсірілімсіз дәлелдеу мүмкін емес. Видеофиксация бар ма, жоқ па?- соны анықтаңыз.
✅ 6. Біздің кінәлілік дәрежемізді жол сақшысы емес, сот шешетінін үнемі есте тұтуымыз қажет. Сондықтан жол полициясынан қорықпаймыз. Сонымен қатар, ГАИ қызметкерінің жеке көлігінің нөмірін есте сақтаймыз.
Сондай-ақ, көптеген маңызды сұрақтардың жауабын төменде келтірейік:
Көлік құралын міндетті сақтандыру және көлік құралын жүргізуге сенімді тұлғалар
Сізге тиісті емес автокөлікті басқаруға сенімхаттың болуы міндетті емес. Сенім берілген тұлғаның мәліметтері сақтандыру полисінде көрсетілсе жеткілікті.
Егер автокөлік иесі өз автокөлігін басқара алмаса (алкогольдік мас болу, дәрі препараттарын басқару және т.б. салдарынан), ол автокөлікті басқаруды сау біреуге бере алады. Әрине, сенімхатсыз, бірақ, өзі қасында отыру шартымен.
Жол полициясының қызметкері тоқтатқанда өзімен бірге қандай құжаттар болуы қажет?
Егер сізді жол ережесін бұзылуы барысында тоқтатқанда, өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы керек:
-жүргізуші куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
-көлік құралына тіркеу құжаттары(техпаспорт);
-заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі және/немесе жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі;
-белгіленген жағдайларда тасымалданатын жүкке жол-сапар қағазы және құжаты.
Тоқтатқан кезде қанша уақыт ішінде инспекторды күтуге болады?
ЖҚЕ 1.2-тармағының негізінде «берілген ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерінің талабы бойынша тоқтап, оның нұсқауларын орындау», яғни жүргізушіге жол полициясы инспекторын күтіп, тоқтату себебін тыңдау, сондай-ақ, заңды талаптарын орындау қажет.
ЖПП қызметкері қандай негізде нөмірді шешуге құқылы?
ҚР ӘкҚБК 797-бабына сәйкес тоқтату немесе сіздің автоңыз тоқтау ережелерін бұзғанда (ҚР ӘкҚБК 597) уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға құқылы. Қорытынды: кез-келген жерге көлікті қалдырып кетпеңiз.
Белгіленген жылдамдық режимін асырғанда қандай жауапкершілік орын алады?
Белгіленген жылдамдық режимінен 10 км/сағатқа дейін асыруға рұқсат берілген, одан жоғары асырғанда мына мөлшерде айыппұл көзделген:
— 10-20 км/сағаттан арасында , айыппұл 10 АЕК мөлшерінде;
— 20-40 км/сағаттан асырғанда,15 АЕК мөлшеріндегі айыппұл (қайта бұзған жағдайда 1 жыл ішінде – 40 АЕК);
— 40 км/сағ. артық – 30 АЕК (1 жыл ішінде қайта бұзған жағдайда – 40 АЕК).
Баршаңызға сәтті сапарлар тілейміз. Жолда абай болыңыз.