Бес апалы-сіңілі бүлдіршіннің қазасынан кейін, Астана қаласының әкімдігінің алдына көпбалалы аналар жиналып, өз арыз-талаптарын айтты. Бұл туралы Holanews жазды.

Көпбалалы аналар Еңбек Министірлігіне және әкімдікке өздерінің талаптарын тізбектеп жазып келген. Астана қаласының әкімдік басшылары оларды акт залға кіргізіп, талаптарын тыңдады.

Әйелдер барлығы өзінің мәселелерімен бөліскі келді. Тіпті оларды сабырға шақыруға мәжбүр болды. Аналардың арасынан бір азаматша орынан тұрып, барлығынан атынан тіл қатты:

«Қыздар, сабыр сақтайық! Біз бұл жерге өз проблемамызды жеткізуге келдік. Өзімізге жаңа киім үшін келмегеніміз белгілі. Бізді алаңдататын мәселе -үй мен жәрдемақы. Біздің тыңдауға келісіпсіздер. Онда анықтап тыңдауларыңызды сұраймыз. Әкімнің орынбасары ретінде емес, қарапайым адам ретінде сөзімізге құлақ ассаңыз»,- деді ана.

Жиналған әйелдер көпбаланы аз жалақымен асырау қиын екендігін айтты. Арасындағы кейбір әйелдер жұмыс істемейді. Тек жәрдемақымен күн көруде. Олар үлкен отбасымен шағын бір ауыз үйде тұруға мәжбүр.

«Біздің мәселеміз- үй. Осы мәселені шешсеңіздер көпбалалы аналарға үлкен көмек болары анық»,-деді.

Көпбалалы аналар жәрдемақыны көтеруді, көпбалалы ата-аналарға түнгі сменде жұмыс істеуге рұқсат бермеуді және министр Мәдина Әбілқасымованы отставкаға кетуін сұрады.

Әкімнің орынбасары талаптардың қарастырылатынын жеткізді.

 

 

Пікір қосу