Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Астанада өрттен қазақ тапқан бес баланың өліміне министр Мадина Әбілқасымованы кінәлады. Ол министрге бағыттап фэйсбуктегі парақшасында жазбасымен бөлісті.
«Мадина Әбілқасымованы 16 мың жетеді!»- деп бүкіл әлемге жар салып едің! Бес баланың өлімі сенің мойныңда! 16 мың жетсе, байғұс ана түн ішінде жұмыс істеп несі бар? Қу жетіспеушілік, шырылдаған балаларға қайтсем нан тауып берем деп жүрген ана боталап қалды ау! Бұл бір ұлттың қасіреті! Әлеуметтік жағдайы жақсы, дамыған отыз елдің қатарына кірген рухани жаңғырған мемлекет көп балалы аналардың жағдайын жасай алмай отыр! Шанель,манель киген министрлер, «Қорқақ» үкімет шығыңдар көшеге, ауылдарға! Көріңдер халықтың жағдайын! Сендер көрмей жүрген жоқсыңдар, сендер көріп жүріп көздеріңді тас қылып байлап алған көр соқырсыңдар! Бейбітшілік заман, қауіпсіз елде бес бала отқа жанып кетіп отыр. Өлген жас сәбилердің күлі сендердің мойындарыңда!»,-деп жазды Айгүл Орынбек.
«Көрешегіңді көрмей көрге де кіре алмайсың!»- деуші еді әкем марқұм. Сорлап қалған сор маңдай ата-анасына сабыр тілеп,қайғысына ортақтасамыз бес бірдей балапандарына Алладан шапағатшы болсын деп шын жүректен көңіл айтамыз. Адам баласының жан-дүниесі мынадай сұмдықты қабылдамайды,қабылдауға тиісте емес. Қашанғы зар жақ болып қақсай береміз? Неге өзімізге тиселі үлесімізді биліктен қайыр тілегендей сұрауымыз керек? Оладрың әкесінен қалған дүние жоқ,бәрі сізбен біздікі. Айгүл Орынбек ханымның айтқанын толық қолдаймын. Жалғыз ғана Әбілқасымоваға емес премьер министр Астана қаласының әкімдігі де жауапты. Неге олар шет қалуы керек? Қандай сорақылық, 16 мың теңге жеткенді былай қойып «көп » деп салды ғой. Мұндай министрлер қайдан шығады, қандай қоғам дайындап шығарады? Министр болатындай қазаққа қандай еңбегі сіңіп еді? Көктен түскендей пайда болды. Қазір біліп жатырмын бұрыңғы депутат болған Әбілқасымовтың қызы екенін. Оны кім тағайындады? Қазақтың маңдайына халқымен елін ойлайтын бір азамат бұйырмады ғой. Ауызы қисық болсада байдың баласы сөйлесін деген қағида шенділердің отрасынан ойып тұрып орын алған. Біздің билік айналма қой секілді әкім болады,одан ол министр болып тағайындалады кейін, депутат болады бірақ зейнеткерлікке кетпесе қайтадан әкім болады. Тамаша өмір обылыс көп,министірлік те көп,ал депутат болып өлгенше қалғып-шұлғып отыруға болады. Сөйткен билік кімнің қамын ойлап жарытады дейсің. Мінбеден айтатындары миллиардтар,ал бұқара халық күнін көрем деп күндіз-түні жұмыс істеп балаларын айырылып жатыр. Үй-жайы болса осындай уақиға болар ма еді? Кейбіреулердің 100 астам пәтерлері бар,жалғ беріп ақша тауып жүр,біздің сорлы қазақ балаларының күйіп кеткен денесінің күлін көміп жүр. Қазақстанда қазақтан өзгенің бәрі бай,тек қазақ қана панасыз,баспанасыз балаларын жетектеп дорбасын арқалап көше кезіп жүр.