Британдық The Guardian газеті 2019 жылғы үздік деген 50 фильмді таңдады деп хабарлайды Тенгриньюс. Бірінші орында Майкл Уинтерботтомның «Жадность» комедиясы тұр, онда өзінің 60 жылдығын Грекияда атап өткен миллиардердің рөлінде Стив Куган ойнайды. Сонымен қатар, кинокартинаға Айла Фишер, Эйса Баттерфилд, Ширли Хендерсон және Дэвид Митчелл түскен. Фильмдегі Topshop брендінің иесі Филипп Гринмен кез келген ұқсастық кездейсоқтық екені ескертілді
Рейтингте екінші орынды «Аммонит» драмасы иеленді. Фильмді «Божья земля» картинасымен танылған Френсис Ли түсірген. Режиссердің жаңа кинолентасында екі әйелдің махаббат оқиғасы баяндалады. Онда Кейт Уинслет пен Сирша Ронан ойнайды. Қызықты хикая Ұлыбританияда 1840 жылдары өрбиді. Үздік үштікті Кен Лоучтің Sorry We Missed You жұмысы аяқтады. Кинотуынды 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін өз отбасын асырауға тырысатын фургон жүргізушісі туралы болмақ. Төртінші орынға Квентин Тарантиноның «Однажды в Голливуде» фильмі жайғасты. Онда Брэд Питт, Марго Робби, Аль Пачино, Леонардо Ди Каприо, Курт Рассел және Дакота Фаннинг түскен.
Бесінші орынды тай режиссері Апичатпонг Вирасетакулдың «Память» картинасы иеленді. Онда басты рөлді Тильда Суинтон сомдайды.