Жақында ғана әнші Сержанәлі Ақбаян есімді қызбен отау құрған еді. Әрине, қуанышына халық қуанғанымен, жас жұбайлардың жас аралығы көпшілікті таңғалдырған еді. Себебі әншінің келіншегі өзінен 20 жас кіші.

Алайда, бақытты отбасыда тағы бір қуаныш. Әншінің жары Ақбаян дүниеге ұл әкеліп, ана атанды. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында бөлісті.

«Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Бүкіл әлемдердің Жаратушысы Жаббар Иеме сансыз шүкірлер, мадақтар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке(с.а.у) сәлемдер мен салауаттар болсын!»Анаңа, Анаңа, Анаңа сосын Әкеңе жақсылық жаса» деген хадистің бүгін куәсі болдым. Адамнан адам шығудың оңай емес екенін, қандай қиын екенін көзім көрді. Аналарымызды қадірлейікші, достар. Алла берген жан жарыма рахмет, бүгін біз үшін сөзбен жеткізе алмайтындай қуанышты күн. Аллаға сансыз шүкір мадақтар. Алла біздің отбасымызға торсықтай ұл сыйлады. Сүйінші, ағайындар, сүйінші! Өз-өзіме сенбей отырмын Әке болғаныма. Сіздердің де шаңырақтарыңызда теек қана жақсылық той болсын, жұғысты болсын! Қазақ елі көбейе берсін. Әмииин. Біз сіздерді жақсы көреміз, сіздердің дұғаларыңызбен ғой бәрі. Бір-бірімізге дұғада болайық достаh!»,- деп жазды әнші.

Пікір қосу