Мамыражай жаз басталса, барлық елдің азаматтары демалысқа шығып, бір марқаяды. Ал қазақстандықтар үшін жазғы демалыс- бұл той. Иә, жаз басталса, еліміздегі барлық мейрамханаларда күнде дүркіреп той өтетіні рас.
Ендеше, juldyz.kz сайты сіздерге 2018 жылдың жаз мезгілінде отау құрған ең танымал жұптардың тізімін ұсынамыз
- Белгілі актер Бауыржан Сатов пен әнші Альбина Шардарованың шаңырақ көтеруі ел ішінде ұзақ сенсация болды десек өтірік айтпаспыз. Әрине, қос ғашықтың қарым-қатынасын халық бұған дейін сезіп, байқаған. Тек, «актер Бауыржан Сатов үйленген жігіт қой» деген факт халыққа маза бермеді.
Алайда Бауыржан өзінің бірінші әйелі Мөлдірмен ажырасқанын, тіпті, қазіргі таңда мүлдем араласпайтындығын мәлімдеді. Ал, Альбина болса өзін «тоқал» деп сынағандарға көңіл-күйін түсірмей, «бәйбішемін» деп жауап қайтарды. Түсініспеушіліктің бәрі реттеліп, екі жас тойларын дүркіреп атап өтті. Альбинаны ұзату тойында Мадина Сәдуақасованың өзі ұзатып шығарып салды.
Ал үлкен тойда Альбина өзінің жұбайы Бауыржанға арнап «Жүрегімнің иесі» атты әнін шырқады. Бұл ән халыққа ұнап, тез «хитқа» айналды десек болады.
2. Көп қыздардың арманы болған ағайынды Төлеповтердің үлкені Артур Төлепов отау құрды. Ол Қарағанды қаласының Мадина есімді аруын қолына қондырды. Артур шоу бизнес әлемінде болғанымен, Мадинаның өнерге мүлдем қатысы жоқ. Ол Алматы технологиялық университетін бітірген қарапайым ару. Алайда, тойдан кейін, Мадинаның инстаграм парақшасындағы оқырмандар саны күрт көбейе түсті. Сондықтан, болашақта Мадинаны актриса не блогер ретінде көріп қалуымыз ғажап емес сияқты.
3. «Қалаулым» бағдарламасы — ғашықтар мекені. Алайда бағдарлама арқылы өзіңнің өмірлік жарыңды кезіктіруге болатынына көбісі сенбеген еді. Бұл пікір қате секілді. Себебі, елге танымал «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Жанерке Еркебұлан есімді жігітпен отау құрмақ. Күні кеше ғана арудың ұзату тойы өтіп, енді үлкен тойды атап өтуге кіріскен.
Жанерке мен Еркебұлан бағдарламаға дейін таныс болған. Қос ғашық туған күн кешінде бір мекемеде танысқан. Алайда, таныстық ұзаққа созылмаған. Жанеркені бағдарламадан көрген Еркебұлан қарым-қатынасты қайта жалғастыру керек екенін түсініп, бағдарламаға келген. Осылайша, таныс достар қос ғашыққа айналды.
4. «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы, ең көп үміткер қабылдаған жігіт Мәдидің тойы да ел аузында. Себебі, халық жігіттің тез арада шаңырақ көтергеніне таң қалды. Бағдарламадан бағын таппаған жігіт, бағдарламадан кете сала бір ай ішінде Айгерім есімді қызға сырға салған. Әрине, халық тез арада ғашығын тауып той өткізген Мәдиді сынға алды. Себебі, олар «сонда бағдарламада пияр үшін отырғаны ғой», «сүйіктісі бар екен ғой» деп сынады. Не де болса, біз жас жұпқа бақыт тілейміз.
5. Әлеуметтік желі өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Әнші, әртіс болмаса да халық алдында басқа қырларымен танылып жүрген азаматтар баршылық. Олардың бірі күлкілі және мағыналы қысқа бейнелер түсіретін «вайнерлер».
Жақында ғана «хаха шоу» деген топпен танылған вайнер жігіт Ақсұлтан Қалиевте үйленді. Оның сүйікті аруы , инстаграм жұлдызы Айым есіді ару.
6. «kartop.kz» деген топпен танылған вайнер жігіт Әділет Темірұлы отбасылы азамат атанды. Ол өзінің көптен бері қол ұстасып жүрген Ақсаулесімен шаңырақ көтерді.
7. Инста жұлдыздардың бірі, блогерлер Нұрбек пен Әмина да осы жазда үйлену тойларын өткізді. Бұл жұп кұлкілі видеоларын көре отыра, ыстық махаббаттарына халық сүйсіне қарайтын.
Біз барлық жас отбасыларға бақыт тілейміз.