Жуырда журналист, телепродюсер Гүлнұр Мамасарипова мен Ерке Есмахан Ресейге барып қайтты. Ал, бұл сапардың басты мақсаты туралы продюсер ханым Comode тілшісімен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz

“Иә, осы жолы демалыс емес, іс-сапар барысында Ресейге барып келдік. Өздеріңіз байқағандай Еркемен бірге бардық. Көпшілігі «Еркенің продюсері болыпты» деп сыбыс таратыпты. Бірақ, Еркеге қазір продюсер керек емес. Ол кезінде продюсермен жұмыс жасап, шоу-бизнестің оң-солын жетік меңгерген әнші. Еркенің өнеріне продюсер болмасам да, жаңадан бастайтын жаңа жобасына жетекшілік ететінімді жасырмаймын.

Жуырда Ерке Есмахан жаңа фильм түсіреді. Сол фильмге продюсер боламын. Одан бөлек күз айларында Еркенің шығармашылығында үлкен жаңалық болғалы тұр. Осы мәселеге қатысты келісім-шарттарды кешегі Ресейге барған сапарымызда шештік. Барлығы оң шешім тапты десем болады. Ал, оның қандай жаңалық екенін уақыты келгенде естисіздер”, – дейді продюсер Гүлнұр Мамассарипова.

Пікір қосу