700 млн теңге жемқорлық үшін сотталған статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты. Мешімбаеваның бостандыққа 5 ақпанда шыққан. Агенттіктің бұрынғы басшысы жазасын бес жыл өтеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлаған болатын.
Ескере кетсек, Анар Мешімбаева 2014 жылы 14 ақпанда сотталды. Сот экс-шенеунікті бюджет қаражатын 700 млн теңге көлемінде қаржы және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі мәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеді. Сондай-ақ Мешімбаева бес жылға дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанынан бастап есептеледі.