Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаев 7-ші қазанда Бішкекте мемлекеттік сыйлықтар тарату шарасы барысында қазақ билігін сынап, қырғыз еліндегі 15-ші қазанда өтетін сайлауға ықпал етпек деп айыптады.
Атамбаевтың президенттік мерзімі 1-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Конституция бойынша өзі қайта сайлана алмайды. Социал-демократиялық партия атынан Атамбаевтың ізбасары саналатын Сооронбай Жээнбеков президенттікке үміткер болса, оның басты қарсыласы бұрынғы премьер Омурбек Бабанов болмақ. Қыркүйек айының соңында Бабановтың Назарбаевпен жолығуы қырғыз елінде үлкен дүрмекке айналды. Олар, қырғыз елінің ішкі мәселесіне Астана араласпақ, деп қауіптенеді. Назарбаев бұған дейін Жээнбековпен де кездескенін, әрі ешқайсысына болыспайтынын айтып ақталды. Осы жайттарды алға тартып, Атамбаев қазақ билігіне қаратып мынадай ащы сынын айтып салды:
- Мен бәрібір әділ сайлау өткіземін. Қазақ билігінің бізге өзіне ыңғайлы кандидатты тықпалауының себебін түсінемін. Олар Бакиевтерді (2010 жылы құлатылған бұрынғы Қырғыз президенті) жақсы көреді. Қырғыз еліндегі демократиялық жаңғырулар көршілерімізге ұнамайды. Бұл олар үшін «жаман үлгі».
- Жалғыз Алматының (ВВП) ішкі жалпы өнімі бүкіл Қырғыз елінің ІЖӨ-нен бес есе көп. Ендеше, неге Қазақстандағы пенсия біздікінен біржарым есе ғана көп? Ал барша тарифтері неге бес есе қымбат? Өйткені, Қазақстанның байлығы ұрланып жатыр!
- Егер көршілеріміз ішкі ісімізге араласуын қоймаса, олармен басқаша сөйлесетін болам!»
https://ria.ru/world/20171007/1506389484.html сайтынан аударып басқан Төлебек Сейдуллаұлы.