Қостанайда АИ-95 маркілі жанармай бағасы 155 теңгеге жетті. Бұл туралы juldyz.kz Казинформға сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті авто жүргізуші Розаима Кан қаладағы бензин бағасы 30-шы қыркүйек күні кешке көтерілгенін айтады.
«Жұма күні ғана 152 теңгеден бензин алған едік. Бір күн өтпей 155-ке жетіп қойыпты. Бұның немен байланысты екені түсініксіз»,-дейді қостанайлық тұрғын.
Әзірге «ҚазмұнайГаз» жанармай бекеттерінде АИ-92 сол баяғы 147 деген бағамен сатылуда. Алайда ол жерде тек талон арқылы мұнай өнімін ала аласыз.