Еуро Одаққа ортақ әскер мен бюджет керек. Франция президенті 2020 жылға қарай ЕО –тың ортақ жасағы мен ортақ қорғаныс бюджетін құруды ұсынды. Бұл туралы juldyz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Кез-келген саяси бірлестіктің негізі-қауіпсіздік», — деді Эммануэль Макрон. Франция басшысы терроризм қаупінің барында атап өтті. Оның пікірінше еуропаның жаңа армиясы НАТО қарулы күштерін толықтыра түсуі қажет. Экономика мәселесіне келгенде Макрон сайлау алды бағдарламасындағы ортақ бюджет идеясын қайталап өтті. Еуро одаққа кіретін елдердің ортақ қазынасы болуы тиіс. Ол үшін арнайы салық керек деді Макрон өз сөзінде.