Түркіменстан астанасында орта мектеп мұғалімдері көше тазалығына жауап береді. Қазір олар көше сыпырып, ағаш бояп жүр.»Олар жұмысқа таңғы сегізбен шығады, жапырақты күніне екі рет жинайды» деді Азаттықтың Ашхабадтағы дереккөзі.Мектеп мұғалімінің бірі көше сыпыруға екі ауысыммен шығатынын айтты. «Бүгін мұғалімдердің барлығын жинап, күніне екі мезгіл көше сыпыруға шығу керектігін айтты», — деді мұғалім.Оның айтуынша, мектеп қызметкерлерін қала тазалығына 28 қыркүйекке дейін тартады. Түркіменстан астанасында бұл күндері Азиада ойындары өтіп жатыр.
Дереккөз: centralasian