Шынар Әбділдә:
Әйелді кір жуып, тамақ істегені үшін жақсы көрмейді. Оны жұмақтан қуылған күнәсі үшін сүйеді. Әйелді сізден жасырып қалатын көзіндегі қоңыр мұңы үшін сүйеді.💓 Әйелдің жанында әлемнің бар қиындығы ұмытылатыны үшін сүйеді. Кейде биік, кейде пәс болатын ақылы үшін сүйеді.💓 Таңмен жарысып сіздің үйдегі шаттықты оятатын баланың күлкісі үшін сүйеді. Сізге ғана сыйлайтын тәтті түндер үшін сүйеді. 💓Көңіл қабаржып, қабақ қатуланғанда қасыңнан табылғысы келіп тұратыны үшін сүйеді.
💓Сізді ғана мақтайтын ыстық ықыласы үшін сүйіңіз. Сіз айтқан дөрекі әзілге жымиып қана сабыр танытатыны үшін сүйіңіз. 💓Әйелдің бойындағы асыл арманы мен шешілмес құпиясы үшін сүйіңіз! Қолда бар сұлулықты әншейін бекер айтылған бос сөзбен мінемеңіз. 💓Әйелдің бойындағы қарсылықты сүйіңіз! Жеңімпаз қарсыласын аяғандай аяңыз. Жайдан жай сүйіңіз!💓 Құшағыңызды шын махаббатпен толтырғаны үшін! Қазір бірге болғаныңыз үшін! 💓Сүйіңіз оны! Ол барда құшағыңызда бүкіл әлем бар! Соны ұмытпаңыз!
Сырласу журналының инстаграм парақшасына алынды