Динара Болат, жиһангез:
Кейбіреулер сөйлей бастағанда оның не сөзінде, не өзінде пәтуә жоқ, жүйе жоқ екендігі бірден көрінеді. Тіпті, әлеуметтік желіде бір жазған пікірі арқылы оның адекват, адекват еместігі белгілі болады. Орынсыз сөз бастап, кезек бермей, көөөп сөйлеуінен-ақ ол келіншекке жігітінің назары жетіспей жүргендігі, ішіндегі психологиялық шиеленістерден бірнеше бомба жарылайын деп тұрғаны көрініп қалады. Өз құрбыларыңыздың, ана, әпке, психологтың алдында көсіліп, төгіле беріңіз. Ішіңізді қысып тұрған ілгекті ағытып жіберіп, от души күліңіз, мейлі. Бірақ, қалған ортада әдемі болыңыз! Сонда ғана көпке сыйлы, қадірлі боласыздар! Бақытты болыңыздар!