Ағылшынның әлемге әйгілі футболшысы, «Эвертон» клубының ойыншысы Уэйн Руни ішімдік ішіп көлік айдағаны үшін жауапқа тартылды. Сот 193 еуро айыппұл салып, 100 сағаттық жұмысқа міндеттеді.Сондай-ақ «Эвертон» шауылшысы 2 жылға көлік жүргізуші куәлігінен айрылды. У. Руни 31 тамыз күні мас күйінде ұсталған болатын. Осы қылығы үшін «Эвертон» ФК ойыншысына 325 мың еуро айыппұл салды.