Пәкстанда қос ғашықты ата-аналары тоқпен өлтірген. Бұл туралы Реактор агенттігіне сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.
Белгілі болғандай кәмелеттік жасқа толмаған ғашықтар ата-аналарына айтпай, үйленіп алмақшы болып, қашып кетеді. Жігіттің есімі Рехман 17 жаста. Ал бойжеткеннің есімі Бакхт Джан 15 жаста. Карачи қаласының тұрғындары екеуін «Пәкістандық Ромео мен Джульетта» деп атап кетіпті.
Ең алдымен бойжеткен өлтірілген, ал бір күннен кейін жігіт жан тапсырыпты. Құқық қорғаушылар бұл қанды қылмысқа жастардың әкелері мен ағаларын айыптап отыр. Олардың бәрі қазір қашып жүр.
Ескі дәстүр бойынша Пәкістанда әулет атына кір келтіргендерді үлкендер өз қолымен өлтіреді. Кейін бұл заңға ел үкіметі тыйым салған болатын.
reactor.inform.kz