Динара БОЛАТ, психолог, жиһангез:
🔺 Оралдан шыққанмын. Дүниеге келген қалам Ақтөбе. Алайда, Оралға қарасты Жымпиты аудан орталығы мен Аңкаты ауылында балалық шағым өтіп, жасөспірім, бойжеткен кездің қызығы қаланың өзінде өтті. Қазір Астанада тұрамын. Жасым 31де;
🔺Негізгі мамандығым психолог. Оған қоса, шаң басқан «юриспруденция», «қаржы» мамандықтары бойынша дипломдарым бар;
🔺Кезінде университет әкімшілігі мені «бүлікшіл» студент деп оқу орнынан қумақ болған. Алайда, маған өшіккен проректор университетпен қоштасу сәтінде мені қызыл дипломмен марапаттаған. Одан бөлек «Ұшқыр ойлы студент» деген атағымен бір бет парақшам бар😂;
🔺 Заңгер ретінде бес жыл, журналистика саласында үш жыл ресми еңбек өтілім бар✌;
🔺Тұрмыстамын. Космополит, интеллегент күйеуім бар. Бір қыз, бір ұлым бар✨;
🔺Саяхаттап жүргеніме 3-4 жыл. Алғашқы Еуропаға саяхатымда ішімде 4-5 айлық бала болды. Келесі саяхатымда қолымдағы балам 6 айлық болған;
🔺Елдегі турфирмамен бір рет қана отбасылық демалысқа бардық. Ұтылдық. Содан кейін бюджеттік саяхатқа көштім;
🔺Жолдасым саяхаттауыма еш қарсы емес. Саяхатым отбасының бюджетіне зияны тимесе, қаражатты өзім тапсам болды оған. Мен саяхаттап кеткенде ол жұмыс барысымен басқа қала, елдерде жүреді;
🔺 Мен шет ел аралап кеткенде балаларымды екі жақтың ата-анасы кезектесіп бағады;
🔺 Саяхатқа қаражатты өзіңе киім ал деп берген ақшадан, пассивті табыс көзі мен дистанциондық қызметтің еңбекақысынан жинаймын;
🔺Фотоға LG G5 телефонымен түсіремін. Фоторедакторлардың ақылы функцияларын қолданамын.
🔺Болған оқиғаларға негізделген, мотивациялық фильмдер көріп, автобиографиялық, философиялық кітаптар оқып, рок, джаз, лаундж тыңдағанды ерекше жақсы көремін;
🔺 Психологияның атасы Зигмунд Фрейдті ұнатпаймын. Айтқандарымен толық келісетін психологтарым жоқ. Бірақ, қай-қайсысын да сыйлаймын;
🔺Миымда бір-біріне қарама-қайшы бірнеше ілім, білім өзара тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әлі де тереңдегім келеді.
Мен туралы осы.