Осы уақытқа дейін Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы кунсткамерада сақталған Кейкі батырдың бас сүйегі туған жерінде орнатылған кесенеге жерленді. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
Осыған орай Қостанай облысы. Амангелді ауданы, Тасты ауылында Кейкі батырға арналған салтанатты шара өтті. Батырға арналған кесененің ашылуына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, жергілікті басшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл шарадан кейін Арқалық қаласында «Кейкі батыр. Өмірі мен өлімінің тарихы» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.