Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Генадий Головкинді 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекте нокаутпен жеңбек екен. Бұл туралы juldyz.kz сайты Sky Sports cілтеме жасап хабарлайды.
«Өз жанкүйерлері ғажап боксты көрсету үшін қолымнан келгенін жасаймын. Мен үшін ең бастысы – жеңіс. Қашан да жақсы өнер көрсету үшін дайындаламын. Өзімнің жанкүйерлерім, командам және елім үшін.Жеңіске жету үшін шаршы алаңға шығамын. Нокаутқа түсіру үшін жаттықтым. Әрине, жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін. Алайда мен Головкиды сұлатуға әзірлендім», — деп мәлімдеді Альварес.