«Гламур для дур» фильмінде басты рөлді сомдағаннан кейін, КешYOU тобының экс-солисті Ақбота Сейтмағамбет пен дәл сол фильмдегі ғашығының рөлін сомдаған актер Дәурен Айдарқұлов екеуінің арасында махаббат оты тұтанып, дау-дамайдың ортасында қалып, отбасын құрған болатын. Бүгінде екі ғашықтың ұлы 3 айға толды. Ақбота Сейтмағамбет «Айта берсін» бағдарламасына ұлын көрсетіп, өзінің өміріндегі  жаңалықтармен бөлісті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Ақбота Сейтмағамбет, КешYOU тобының экс-солисті:

Толғағым қиын болды. 3,5 кг болып босандым. Біраз уақыт бойы перзентханада жатуыма тура келді. Шыққаннан кейін үлкендер қарасып, көмектесті. Басында шомылдыруға қорықтым, кішкентай ғой. Қырқынан шыққанша үнемі шомылдырып, майлау керек. Шүкір, қазір үйреніп, балама қарап жатырмын. Тәтті қылықтары енді шығып келе жатыр.Көбісі папасына ұқсайды деп айтып жатыр, көзі ғана маған ұқсайтын шығар, түр-әлпеті расымен папасына ұқсайды. Ең бастысы аман болса болды.

 

Пікір қосу