Эксклюзив

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев жеті жарым жылға сотталды. Осыдан жарты ай бұрын шыққан үкімді әскери сот бүгін ғана жариялады.  61 жастағы генералдың соты жабық есік жағдайында өткен еді.  Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

7,5 жылға сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Н. Дүтбаев

Нартай Дүтбаев  «мемлекеттік құпияны жария еткені» және «қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны» үшін айыпты деп танылды. Сот үкіміне сәйкес  мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынды. Сонымен қатар ҰҚК-нің бұрынғы басшысы  «генерал-лейтенант» әскери шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылуы мүмкін. juldyz.kz сайтының тілшісі қоғам назарынан жасырын өткен бұл сот процесі жайлы ҰҚК-нің тағы да бір экс басшысы Әлнұр Мұсаевтан пікір сұраған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Әлнұр МҰСАЕВ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрыңғы басшысы:

Тәуелсіз БАҚ-тың журналистеріне ҰҚК-нің басшысы Кәрім Мәсімовтен сұхбат алу қажет. Бастапқыда мен «Дүтбаев пен әріптестеріме Нартай Нұртайұлының ісіне қатысты сұхбат бермеймін» деп сөз бергем. Енді сот үкім шығарғаннан кейін халық шындықты білуі керек. Дүтбаев пен басқа да айыпталушылардың куәлігіне сәйкес және ҰҚК-нің прокуратураға даярлаған айыптау қорытындысы бойынша, Нартай Дүтбаев ҰҚК-нің «Н» есімді қызметкерімен бірігіп, 2002 жылы Әблязовты ҰҚК-нің тыңшысы етуге өздеріне тартқан. М. Әблязовтан ҰҚК-мен бірлесе жұмыс жасаймын деген қолхат алып, Сәрсенбайұлы, Тәжин, Жақиянов және басқа да ҚДТ (ДВК) басшылары мен жақтастарының үстінен  «донос» жаздыртып алған. 2003 жылы Әблязовтың өкініш білдіргенін камераға жазып алады. Әблязовты ҰҚК-нің тыңшысы ретінде жасалған іс-қағаз өте құпиялы құжат болып тіркелген. 2006 жылы Нартай Дүтбаев ҰҚК-нің басшылығынан кеткен кезде сол материалды өзімен бірге алып кеткен. Бұл, құпияларды сақтау туралы заң бойынша, өрескел қылмыс болып есептеледі.  Дүтбаев бұл материалдар арқылы М. Әблязовтан ақша бопсалаған. Сонымен қатар, Дүтбаев 2006 жылы А. Сәрсенбайұлының өліміне қатысты кейбір қызметтік құжаттарды белгісіз бір адамға берген.

  Журналистам независимых изданий просто необходимо настоять на интервью с Каримов Масимовым. Ранее я давал обещание Дутбаеву и коллегам, не давать интервью по поводу его ареста. Теперь после завершения суда, люди должны знать правду.Согласно показаний Дутбаева и других обвиняемых, а также из обвинительного заключения, подготовленного в КНБ для прокуратуры, вырисовывается следующая картина.Нартах Дутбаев, вместе с сотрудником КНБ РК «Н» осенью 2002 году провели вербовку Аблязова в качестве агента органов КНБ. Вербовку закрепили распиской о сотрудничестве, несколькими доносами Аблязова на Сарсенбаева, Тажина, Жакиянова и других явных и не явных руководителей и сторонников ДВК. В начале 2003 года, они записали покаяние Аблязова на видео. Материалы вербовки Аблязова имеют гриф «Совершенно секретно». После увольнения с должности Председателя КНБ в 2006 году, Дутбаев изъял материалы вербовки из агентурного дела Аблязова, что является грубым нарушением закона о защите секретов. Используя эти материалы Дутбаев шантажировал Аблязова, требуя от него деньги за их уничтожение. Кроме того Дутбаев в конце 2006 года разгласил некоторые служебные документы, касающиеся обстоятельств убийства Алтынбека Сарсенбаева неустановленному лицу. (Түпнұсқа)
Жарияланған ақпараттық материалдағы Ә. Мұсаевтың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейтінін ескертеміз. Егер М. Әблязов қандайда бір пікір білдіремін десе мінбер беруге дайынбыз.  

Пікір қосу