Астанада «Барыс-Аренада» өтіп жатқан «Әлем барысы» турнирінің жартылай финалына шыққан балуандар анықталды. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
Жартылай финалға екі бірдей қазақ балуаны шықты. Айбек Нұғымаров және Ержан Шынкеев. Сондай-ақ, Мұңғұл ұлысынан келген қандасымыз Серік Бердімұрат пен грузиялық спортшы Гураму Тушишвили. Спорт сүйер қауым бұл спорт бәсекесін Qazaqstan, Qazsport телеарналарының тікелей эфирлерінен көре алады. 40-аса елдің балуандары қатысып жатқан «Әлем барысының» трансляциясы 100 жуық елге тартылған.