Қазақ балуаны Айбек Нұғымаров «Әлем барысының» жеңімпазы атанды. Ол финалда грузиндік балуан Гураму Тушишвилиден басым түсті. Биыл өткен дзюдодадан еуропа біріншілігін ұтқан Гурамды айбек таза жеңді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Турнирдің қола жүлдесін қарағандылық Ержан Шынкеев ұтып алды. Ол қола белбеу үшін Мұңғұл ұлысынан келген қандасымыз Серік Бердімұратұлын жеңіп кетті.
«Әлем барысының» жүлде қоры – 30 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуан тең жартысына ие болады. Екінші орын алған балуан — 5 миллион, үшінші орын алған балуан 3 миллион сыйақы алады. Сондай-ақ жүлдегерлер алтын, күміс және қола белбеулермен марапатталады.