Бүгін 2-ші Медеу аудандық сотта «Трибуна. Саяси Қалам» газетінің редакторы Жанболат Мамайға қатысты үкім шығу керек. 12-00 де басталуға тиіс сот отырысы енді басталды. Журналистті колдаушылар саны өте көп. Журналисттерге арналған бөлмегеде сыймай кеткен. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Естеріңізге салайы кетейік, 10 ақпан күні «Трибуна. Саяси қалам» басылымының бас редакторы, журналист Жанболат Мамайды Әблязовтің сыбайласы деп танып, қамауға алған болатын. Оған «БТА банктен» Мұхтар Әблязов басқарған кезде ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін «Трибуна. Саяси қалам» газеті арқылы қаржылық операциялар жасап, жасырған» деген айып тағылғаны мәлім. Ақпан айының 21 күні БАҚ-да Ж. Мамайға түрмеде қысым жасалды деген ақпарат тараған еді. «Жұлдыздар отбасы» журналына сұхбат берген әріптесіміз адвокаты таратқан ақпаратты растаған.