Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сәкен Майғазиевтің орындауындағы «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнінің бейнебаяны жарық көрді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Әнші бұл әнді жұбайы Динараға отау құрғандарына 20 жыл толуына орай арнаған. Сөзі жазған – ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жарас Сәрсек, әнін жазған – әнші, сазгер Айгүл Бажанова.