Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мьянмада орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді. Жергілікті тұрғындарға жасалған қасіретті қатаң айыптайды. Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

400-ден астам адамның өмірін қыршыннан қиған қасіретті оқиға әлемнің әр түкпіріндегі мұсылман жұртының ғана емес барша адамзаттың алаңдаушылығын тудыруда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы:

ҚМДБ еліміздегі барша халықтан нақақтан құрбан болған, зорлық, зомбылық көрген адамдар үшін Бір Алладан дұға етуді сұрайды. Өйткені Алла елшісі: «Дұға мұсылманның қаруы» деген. Мьянмадағы адамды азаптап өлтірудің шектен шыққан бұл көрінісі біздің де жанымызға қатты батты.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жазықсыз бір адамның қанын төгу – жер бетіндегі бүкіл адамды өлтіргенмен бірдей», – деп ескерткен. Алланың күллі адамзатқа жіберген бұл ашық ескертуін ұмытпауымыз керек.

Жаратушы Иеміз барша адамзат баласына мейірім-шапағат, бейбіт өмір, ынтымақ, сабыр берсін!

Пікір қосу