Шэньси (Солтүстік Батыс Қытай) провинциясының Сиань қаласының аты аңызға айналған императоры Цинь Шихуанның (б.д. дейін 259-210 жж) терракот әскерінің бірегей мұражайымен әйгілі. Кейбір деректер бойынша жыл сайын мұражай миллионнан астам туристерді қабылдайды.
273 22 жүзжылдық бұрын құрылған терракот әскері әлемдік ЮНЕСКО мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Ол шынымен де әлемнің сегізінші кереметі болып танылды.
ҚазАқпарат тілшісі осы әйгілі терракот әскерінің мұражайында болып қайтты. Сіздердің назарларыңызға арнайы фоторепортажымызды ұсынамыз.
1. Мұражай кешені Линьтун ауданының Циньлинчжэнь қыстағында орналасқан. Ол Сианьнан 35 шақырым жерде. Тасжол тегіс, қаладағы кептелісті есептегенде, жеңіл көлікпен жарты сағаттық жер. Саяхаттың құны шамамен 250 юаньді (40 АҚШ долларын) құрайды. Жұмсалған ақшаға еш өкінбейсіз, себебі сіз ол жерден ерекше әсер алып шығасыз.
2. Ең бастысы — қауіпсіздік, қоршау арқылы кіресіз. Мұражай кешені 15 га, келушілерге арнайы автомобильдер қызмет етеді.
3. Тарих мұражай орнында жазық дала болғанын көрсетеді. Мұнда терракот әскерінің көмілгені кездейсоқ табылған. 1974 жылы Лишань тауының маңында сианьдық шаруалар құдық қазып жатып, су орнына көптеген бас сүйектеріне тап болған. Осыдан кейін археологтар қазба жұмысын жүргізіп, ондаған ежелгі әскерлердің құмбалшық мүсіншелерін тапты.
Бүгінде келушілерге жалпы алаңы 20 шаршы метр үш жерлеу орны көрсетіледі. Бұл жерде 8000 терракот әскерінің мүсіншесі және аттар мен 100 әскери күйме бар.
Саяғатты ең үлкен павильоннан бастаймыз. Оның алаңы — 14мынан астам шаршы метр. Шұңқырда 6000 әскер мүсіншелері мен аттар, 40 күйме бар.
4. Цинь Шихуан императорының бабалары өздерімен бірге тірі әскерді о дүниеге алып кеткен. Бұл билеуші өлгеннен кейін өлімін күзететін терракот әскер құруымен ерекшеленді. Мүсіншелерді сомдауға мыңға жуық адам жұмылдырылған. Ерекше сапалы құм пайдаланған. Ол күйдіргеннен кейін тастай қатты болып қалған. Жұмыс он жылдай уақытқа созылған.
Ғалымдар әр әскердің бейнесі тірі адамның түрімен бейнеленген деп санайды. Шындығында мыңдаған мүсінше бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Түрі, эмоциясы, шашы, киімдері әрқайсысында ерекше. Ежелгі мүсіншілердің шеберлігіне тәнті боласың.
Әскерден басқа молада шенеуніктер, акробаттар, балуандар мен музыканттар бар.
Олардың бәрі тірідей көмілген. Сонымен қатар, терракот әскерімен бірге император 70 мың жұмысшыларды отбасымен қоса, үш мыңдай күңді алып кеткен.
5. Терракот әскерінің қазба жұмыстары мен жаңғырту бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Табылған сынықтарды қалпына келтіруде. Әлі де екі жүзжылдыққа жететін жұмыс бар сияқты. Аты аңызға айналған императордың моласында қанша керемет құпия бүгіп жатқаны белгісіз.
6. Әскерлер боялған, бірақ уақыт өте келе бояуы тая бастаған. Олардың қандай болғаны экраннан көрсетіледі. Ал стендтен ежелгі қола қаруды тамашалауға болады.
7. Ежелгі шеберлер ерекше зергерлікпен жұмыс істегенін байқауға болады.
8. Ал мынау — қола күйме.
9. Залдардың бірінде терракот әскерімен бірге сапқа тұруға болады. Ежелгі әскермен суретке түсу 10 юань (2 доллар) тұрады.
10. Цинь Шихуан терракот әскерінің мұражайы 1997 жылы қазанда ашылды.
11. Ескерткішке сый ала кетем десеңіз, оған да жағдай жасалған. Мұражайдың өзінде сатылым сөрелері бар. Жергілікті шеберлер де өз туындыларын ұсынумен жүреді. Саудалассаңыз, өз бағасынан бірнеше есе арзанға сатып алуға болады.
12. Шығаберісте әдемі киінген әртістермен 20 юаньға фотоға түсуіңе болады.
13. Табиғаты бірегей, көркемдігі көз сүріндіретін ұжмақ жер адамды тартып-ақ тұрады. Жергілікті тұрғындар жұрт мұнда бірнеше рет келеді және әр келген сайын тарихты жаңа қырынан таниды дейді.
Kaz.Caravan.kz