75 келі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
Финалда қазақ боксшысы Ә. Аманқұл Еуропа чемпионы украиналық Александр Хижняктан жеңіліп қалды.
Әлем чемпионатына алғаш қатысқан Әбілхан жаман өнер көрсеткен жоқ. Олимпиада және әлем чемпионы кубалық Арлен Лопесті жеңіп жартылай финалға шыққан еді. Әбілханның бұл жеңісі осы турнирдегі сенсация болып тіркелді.Ә. Аманқұл жартылай финалда әзірбайжандық боксшы Камрана Шахсуварлыны жеңіп ақтық сынға шыққан еді. Айтпақшы, осы Камран Рио олимпиадасында Жәнібек Әлімханұлының жолын 1\4 финалда кескен болатын.
Әбілхан Аманқұл 1997 жылы 29 шілде күні Жамбыл облысында дүниеге келген. Жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков. Тараз бокс мектебінің түлегі. Қазақстан чемпионы, (2016 жыл) Азия біріншілігінің қола жүлдегері. (2017 жыл) Енді әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.