Ресей БАҚ құралдарында отыршылдық саясатты қолдау науқаны қызу басталып кеткелі қашан. Орыс интеллигенциясының өзі ашықтан-ашық сепаратисттерді қолдап, ресми Кремельді кіші мемлекеттерді жаулап алуға шақырады. Жазушы Александр Проханов, актер Никита Михалковтар реваншизм дертіне шалдыққандарына тіпті мақтан ететін де сынайлы. Жуырда «Аргументы факты» басылымына белгіл режиссер, актер Владимир Меньшов та Украинаның тұтастығына қол салатын сұхбат беріпті.
Владимир Меньшов, режиссер, актер: Мен үшін өзгерсті кезең Қырымның Ресейге оралуы. Тек либералдардың ғана позициясы көпшіліктің көзіне тұрпайы көрінді. Қырымды қайтару арқылы Путин қарымды іс-әрекет жасады. Бәлкім, Донбассты да алу керек пе еді. Қырым, Донбасс, Луганск арқылы батыстың бізге наразылығы туды. Алайда, ол жақта мәселе ушыққанына үш жыл болды. Еш нәрсе шешілмеді. Халық біздің ендігі қарекетімізді күтіп отыр. Донбас бізді өз қанаттарыңның астына алыңдаршы деп жалынуда. Ал біз жағдайды бақылап отырғандай кейіп танытып отырмыз.