Венесуалада 2017 жылдың басынан бері 49 БАҚ жабылған, оның ішінде 2 телеарна мен екі орталық теле-радиостанция бар. Бұл туралы Франс-Пресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, juldyz.kz хабарлайды.
Венесуаладағы прессаның құқықтарын қорғайтын Ұлттық Журналистер колледжінің директоры Дэлвалле Канелон елдің жаңа цензуралық фазаға ауысқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет қоғамдық ойды бақылауда ұстап отырғысы келеді.
Венесуала 2017 жылдың сәуір айынан бастап үлкен саяси кризисті бастан кешіріп келеді. Мамыр айының аяғында Жоғарғы сот басым көпшілігі оппозициялық бағытты ұстанатын парламент күшінің жойылғанын мәлімдеді. Содан кейін елде бұқаралық дүмпулер басталды.
Қала тұрғындары елді қауіп-қатерден қолдарынан келгенше қорғауға дайын.