ALEM, Батырхан Маликов: Шынымды айтсам, фильмнің алғашқы көрсетілімінен кейін киноға түсуді ойға да алмайтындай болатын шығармыз деп едім. Жоқ. Бәрі керісінше болды. Осы фильмді түсірген режиссер мен продюсерге мың мәрте алғыс айтамын.

ZAQ, Дулат Мухаметкалиев:  Өзіме сын көзбен қарайтын адаммын. Сондықтан да фильмді көргеннен кейін де қате кеткен тұстарын бақылап отырдым. Бірақ фильмнен кейін шабыттанғанымыз сонша, бірден демалмастан саундтрек пен клип түсіру үшін студияға асықтық.

BALA, Данияр Кулумшин: Өмірімдегі көптеген оқиғаларды мені ойлап уайымдамасын анама айтпаған едім. Біздің киноны көргеннен кейін әкем мақтан менімен мақтанып, анам жылайтын болды (күліп).

AZ, Азамат Зенкаев: Анам көзіне жас алатыны анық, ал әкем «Балам, сен шынымен осының барлығын бастан кешірдің бе?» деп сұрайтын шығар. Арманымды арқалап Алматыға келгенімде досым да, туысым да, бауырым да, тіпті ақшам да жоқ еді. Үйдегілерге менде бәрі жақсы екенін айтатынмын да, өзім жүк тасып, қара жұмыс істеп күн көретінмін де, кешқұрым шаршаған кезде ыңғайлы жерге ұйықтай салатынмын.

Қалай дегенмен филмде барлық шындық 100 пайызға көрсетілмеді, кейбір тұстары жеңіл көрсетілген. Біздің фильм адамдарды өз-өзіне шекара мен дуал қоймай, әлемге басқа көзбен қарауға үйретеді.

Сұқбатасқан Арай Аманкулова 

The Steppe сайтынан аударылды

Пікір қосу