Жақында ғана елімізге белгілі «Алашұлы» этно-тобының жаңа бейнебаяны жарық көрді. Қазақы нақышта ән салып, тыңдармандарын қуантып жүрген бұл топтың бейнебаяны біраз жұртшылықты шулатты.

Батысқа еліктегендерге жауап ретінде қарсылық білдірген жігіттердің осы бейнебаяны жарыққа шыққан күнінеп бастап, өздерін «иглз» деп атап кеткен 91-дің фан-топтары жауап қата бастады.
Соған байланысты Алашұлы тобы Қамшы порталына былай дейді:

91 тобына қатысты көп айтылып жатыр, ол балалардың еңбекқорлығына, шығармашылықтарына ешнәрсе демеймін. Жақсы әндері бар. Өнердегі інілеріміз болып келеді, сол себепті де олардың беттерінен алып, аяқтарынан шалу деген ешқандай да ой жоқ.
Ал әлеуметтік желідегі жазылып жатқан пікірлерге қатысты ешнәрсе дей алмаймын. Әркім не жазса да, өзі біледі. Ең бастысы, біз көп сөйлегеннің орнына іс-әрекетімізбен көрсетуді жөн көрдік.

Тизері біраз оқырманды шулатқан бейнебаянның тұсауын кесетін күн де келіп жетті. Алашұлы тобының "Пай-пай-пай" атты әніне түсірілген жаңа туындысын қабыл алыңыздар. Бейнебаянның толық нұсқасын YouTube-тегі ресми Gakku TV каналынан тамашалаңыздар. Міндетті түрде туындыны бағалап, пікір қалдырамыз! *** Нам кажется, вы всю неделю ждали выхода этого клипа. Один только тизер наделал немало шума. Встречайте новый клип группы Алашұлы на песню "Пай-пай-пай". Посмотреть видео полностью вы можете уже прямо сейчас на официальном YouTube-канале Gakku TV. @alashuly_group

A post shared by Gakku TV (@gakkutv) on

yyelriza есімді қолданушы:

91-дің қазір атағы дүркіреп тұрғаны рас, дегенмен олардың қаншалықты өміршең топ екенін кім біліпті?! Жарқ етіп сөнген жұлдыздар біздің эстрадамызда да, шетелде де жетерлік. Атағы жер жарып, бүкіл əлем фанатына айналған топтар бар еді бір кезде, қазір олардың шаңы да естілмейді. Атағы алты құрлыққа мəшһүр болмаса да, өз бағытын насихаттап, елді əнімен тербетіп келе жатқан Алашұлы сияқты топтар екені шындық емей немене?! Алашұлының құрылғанына қаншама жыл болды, əлі өшкен жоқ. Қаншама жаңа əндер жазылып, бейнебаяндар түсіріліп жатыр.Яғни сұраныс та, тыңдайтын аудиториясы да бар. Оған Алматыда өткен концерт дəлел. Енді бейнебаянға келсек, басқалардың не көргенін қайдам, өз басым мұннан ешқандай жамандау көрген жоқпын. Жəй ғана күрес, кіммен, немен оны əркім өзінше түсінеді. Біздің елімізде 91-нан басқа күресетін мəселе қалмады да, əлде?! Шляпник, беттерін бояп, алабажақ киінген кейіпкерлер сонда тек 91-ды көрсетуі тиіс пе?! Құрметті Иглздар сонда сіздер өздеріңіздің сүйікті топтарыңызды солай қабылдағандарыңыз ба?!

patriot3532 атаулы қолданушы:

Алашұлы тобы, жарайсыңдар! Көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғадыңдар! Гәкку арнасы жын-ойнақтың арнасындай көрінетін!.. Мына бейнебаян Жанға медеу боларлық екен! Түрді бұзбай-ақ осылай керемет билеп, ән айтуға болатынын дәлелдеді!

Бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз:

Пікір қосу